Кәсіподақ құжаттарын рәсімдеу тәртібі қарастырылды

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ Жамбыл облыстық филиалы “Кәсіподақ құжаттарын рәсімдеу тәртібі” атты облыстық оқу-семинарын өткізді.

Іс номенклатурасы, жоспарлау, хаттамалау және шығыс сметасын жүргізу туралы әдістемелік нұсқаулар беріліп, жүргізу тәртібі айтылды. Семинардың жұмысын Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бықыбаев ашып, кәсіподақ жаңалықтарына тоқталып өтті.

Іс номенклатурасы бойынша Жамбыл облыстық филиалының заңгері Д.Керімбек номенклатураға сәйкес құжаттарды ресімдеу тәртібін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Хаттамалау, жоспарлау және шығыс сметасын әзірлеуде қандай мәселелерге назар аудару қажет екендігі туралы Жамбыл облыстық филиалының төрағасының орынбасары Э.Дутбаева құжаттардың үлгісін көрсете отырып, толыққанды мағлұмат берді. Соңында кәсіподақ жұмысына қатысты көкейкесті сұрақтар мен мәселелері ортаға салынып, ой-пікірлерімен бөлісті.