Кәсіподақ өкілдері бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы шеңберінде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова “Қазпошта” АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ерік Әліпұлы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Зарипованың қатысуымен “Қазпошта” акционерлік қоғамы Павлодар облыстық филиалының кәсіподақ активімен кездесті.

Кәсіпорында 2020 жылдан бастап кәсіподақ мүшелерінің саны 700 адамды құрайтын “Павлодар облыстық жергілікті пошта байланысы қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ құрылды.

Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Зарипова Ұжымдық шарттың жаңа жобасын қарау бойынша комиссия құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы, “Черноярская жемчужина” демалыс үйінде қызметкерлердің балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру және байланыс қызметкерлерін сауықтыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, еңбек ұжымының Баянауылға демалысқа сауықтыру сапарларын ұйымдастыру, еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау, пошта күніне арналған салтанатты іс-шараларды өткізу, балаларды қорғау күнін ұйымдастыру, өндіріс озаттарын құттықтау туралы айтып берді.

“Әлеуметтік-еңбек тұрақтылығын сақтау, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас Келісімде қойылған міндеттерді орындау үшін сындарлы әлеуметтік әріптестік және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Стратегиясы бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының басым бағыты болып табылады”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.

Кездесу қорытындысы бойынша келісім комиссиясының мүшелерін оқыту бойынша бірлескен іс-шара белгіленді.