Павлодар облысының кәсіподақ бірлестіктерінің 20 өкілі кәсіби медиатор мәртебесіне ие болды

2021 жылғы 25 қарашада Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “Медиация туралы” Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай “МИР” аймақаралық Медиация орталығы” ЖМ бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында Павлодар облысының бастауыш, жергілікті кәсіподақ бірлестіктерінің жиырма өкіліне кәсіби медиатор сертификаты берілді.

Оқыту 2021 жылдың 4 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік грантын іске асыру шеңберінде “Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиацияны қолдану” тақырыбы бойынша өткізілді.

Кәсіби медиатор, тренер-медиатор, “Мир” аймақаралық Медиация орталығы” ЖМ директоры және құрылтайшысыСалтанат  Кайдарова “Медиация мектебі” қатысушыларының кәсіби медиатор мәртебесін алуы үшін оқыту курсын өткізді.

Павлодар облысының бастауыш, жергілікті кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері өздерінің жұмыс орындарын қалдырмай, кәсіби медиаторда оқыту курсынан онлайн өте алды.

“Павлодарэнерго” энергетиктердің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев кәсіби медиатордың сертификатын бірінші болып алып: “Әрбір кәсіподақ көшбасшысы медиатор болып табылады, өйткені қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау – кәсіподақтардың негізгі қызметі. Кәсіби медиаторда оқуды аяқтағаннан кейін біз өзіміздің кәсіби құзыретімізді арттырдық, келіссөздер процесін жүргізу шеберлігі бойынша білімімізді ұлғайттық, бұл қызметкерлердің құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға оң көмек көрсетеді”, – деп атап өтті.

Кәсіби медиатор сертификатын алғандардың арасында “ЕRG Servise” ЖШС кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы О.Корягина, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының мүшесі Н.Кучерук және кәсіподақтың басқа да көптеген мүшелері бар.

“Кәсіби медиатор мәртебесін алу дауласушы тараптарды татуластыру үшін әлеуетті мүмкіндіктер мен қабілеттерді толық көлемде ашады. Сіздердің кәсіби медиаторлар ретіндегі көмектеріңіз Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің татуластыру орталығының жұмысында сұранысқа ие болады. “МИР” аймақаралық Медиация орталығы” ЖМ-мен меморандум шеңберіндегі ынтымақтастықтың арқасында Павлодар облысының кәсіби медиаторлар қатары Павлодар облысының өндірістік кәсіпорындарының кәсіподақ қызметкерлері қатарынан 20 медиаторға толықты”, – деп “Қазметаллкәсіп” Павлодар облысы бойынша салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы” ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова құттықтау сөзін айтты.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова кәсіподақ мүшелері – өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлерінің жаңа мәртебе алуымен құттықтап, еңбек ұжымдарында және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының жұмысында еңбек дауларын болдырмау бойынша жемісті жұмыс тіледі.