Салалық кәсіподақ төрағасы Сарығаш ауданы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті

Мұғалім – мамандық. Ал, ұстаздық – ұлы қасиет. Қарашаның соңғы аптасында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулланың іс-сапары барысында барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізілді.

Төраға ұйым тарапынан бірқатар іс атқарылып жатқанын атап өтіп, барлық мектеп басшыларын ұстаздардың мүддесін қорғауға және жұмыс жағдайын ілгерілету бағыт-бағдарын таныстырудың маңызы зор екенін алға тартты.

Төраға кездесу соңында «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сындарлы сәтте ешбір қиындыққа мойымай, балаларға үздіксіз, сапалы білім беруде педагогтардың еңбегін ерекше айтуға болады және келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын, Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!», – деп аяқтады.

Сарығаш ауданында ұстаздық ұлы жолды мұрат еткен, шәкірт тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңіріп, педагогика саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздар жетерлік.