“Қызмет” кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының отырысы өтті

2021 жылғы 26 қарашада онлайн режимде төралқа мүшелерінің, қалалар мен аудандардың, облыстық мекемелер мен ұйымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен “Қызмет” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының отырысы өтті.

Отырыста “Қызмет” салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Б.Қапенов филиалдың 2021 жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берді.

“Мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” және “Қызмет” қоғамдық бірлестігі филиалы болып қайта құрылған облыстық филиалдың заңды мәртебесінің өзгеруіне байланысты атқару комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.

Сондай-ақ, отырыста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кәсіби мерекелеріне арналған кандидатуралар бекітілді.