ntime.kz: “Жолдастық кездесу”

Кәсіподақ ұйымдары арасында ынтымақтастық пен бірліктің тұғыры әрқашан биік болып, татулықтың тағылымын танытып жүргендері көпке үлгі. Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев бастаған салалық кәсіподақ төрағалары мен активі, бастауыш кәсіподақ төрағалары мен мүшелері келген болатын. Іс-сапардың алғашқы күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерінен жасақталған футбол құрамасы «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің командасымен жолдастық кездесу өткізді. «Аламан» алаңында өткен кездесу 20 минуттан екі тайм болды. Ойын қорытындысы бойынша екі команда бір-біріне 7 голдан салып, тең нәтижемен тарқасты. Кездесуден соң командалар естелік суретке түсіп, салалық кәсіподақ төрағасы Сұлтан Қалиев аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке арнайы кубок пен диплом табыстап, жоғары дәрежеде өткен ойын үшін алғысын жеткізді.Спорт – денсаулық кепілі екені бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында бұқаралық спортқа көп көңіл бөлу керек екенін айтты. Кәсіподақтар бас қосып, салауатты өмірді насихаттауды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

https://ntime.kz/%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%81%D1%83/