Кәсіподақ өкілдері жастармен әлеуметтік-құқықтық мәселелерді талқылады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Экономика және құқық» институты «Құқықтану» кафедрасының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге облыстық кәсіподақтар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық Әділет департаменті өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауынан туындайтын әлеуметтік, құқықтық салалардағы мәселелер талқыланды.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов кездесуде жастарға еңбек заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, еңбек заңнамасының қолданылуы тәжірибесі және қоғамдағы кәсіподақтар қызметі мен рөлі туралы әңгімеледі. Сала мамандарымен жастар арасында сұхбат қызу талқылаулар мен өзіндік пікірлер алмасулармен өрбіді.