Шымкентте ардагерлер арасында волейбол турнирі өтті

“Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС-нің бастауыш кәсіподағының белсене атсалысуымен Шымкент қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан турнир өткізілді. Турнирге 6 команда қатысты.

Қатысушылардың орташа жасы – елу жас. Әйтсе де, спорт ардагерлерінің қозғалысы әлі де жеңіл және еркін. Ақ самай мен егде жас волейболшыларға жоғары дәрәжелі ойынды көрсетуге кедергі болмады. Екі топ құрылды, финалға ең көп жеңіске жеткен командалар өтті.

“Су арнасы” командасы “Сайрам” және “Денсаулық-83” командаларымен кездесті, екі жағдайда да су арналары табанды күресте алғашқы екі сетте де жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. Финалда олар Қызылжар бөлімшесінің “Коммунизм” атты мықты командамен кездесті. Бұл кездесудің де қорытындысы “Су арнасы” командасының жеңісімен аяқталды.

Айта кететін жайт, “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС-нің директоры Анарбек Оңғарұлы “Орман” команда құрамынының барлық үш матчында ойнап, тамаша дайындық көрсетті. Волейболшылардың барлығы дерлік көптеген жылдар бойы бір-бірін біледі, сондықтан атмосфера өте жылы болды. Ал жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен жүлделерге ие болды.