ҚР Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар облыстық филиалы ынтымақтастықты нығайтуда

2021 жылғы 12 наурыздан бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан ҚРКФ Заң клиникасының филиалы ашылды, оның қызметінің негізгі мақсаты кәсіподақ мүшелеріне практикалық тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Өз қызметінде Заң клиникасы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, соттармен, адвокаттармен, медиаторлармен, білім беру және үкіметтік емес мекемелермен өзара әрекеттеседі.

2021 жылғы 25 қарашада Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Павлодар облысының заң консультанттары палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның қызметінің мәні еңбек дауларының профилактикасын ұйымдастыру және оларды шешу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық үшін қажетті шаралар қабылдау: тараптардың ағымдағы қызметі, өткізетін жобалары мен іс-шаралары туралы ақпарат алмасу; еңбек дауларының профилактикасын арттыруға бағытталған бірлескен жобалар мен іс-шаралар; кез келген Тарап ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға Тараптар өкілдерінің қатысуы арқылы тәжірибе мен білім алмасу; өз өкілеттіктері шеңберінде оқыту, бірлескен тренингтер, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференциялар өткізу.

Ынтымақтастық еңбек дауларының алдын алу мақсатына бағытталған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалында азаматтарды бірлесіп қабылдауға мүмкіндік береді.

Заң клиникасына жүгінген кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін уақтылы қорғау қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Заң клиникасына хабарласу үшін 87088614656 жедел желі телефоны жұмыс істейді, оған құпия түрде хабарласуға болады.