Онлайн-қабылдау өткізді

“Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” КММ-де тұратын балалары бар аналар үшін онлайн-қабылдау өткізілді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова мен Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко Дағдарыс орталығында тұратын әйелдердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу аналарды толғандыратын мәселелер: сот тәртібімен әке болуды анықтау, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, еңбек шартын жасасу міндеттілігі, оны ресімдеу тәртібі, некені бұзу рәсімі туралы диалог форматында өтті.

Даудың (жанжалдың) алдын алу үшін спикер  М.Иванова Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының +77088614656 жедел желісіне сұрақтармен жүгінуге шақырды, оның ішінде жеке деректерді айтпай-ақ құпия түрде жүгінуге болады.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Павлодар қалалық сотымен бірлесіп, Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында тұратын адамдар үшін құқықтық консультациялық қолдауды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықтың көпжылдық дәстүрлерін жалғастыруда.