Павлодар облысының екі кәсіпорны сенім сертификатына ие болды

2021 жылғы 30 қарашада жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, оның құрамына кәсіподақ бірлестіктерінен “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев кіреді.

Комиссияның шешімі бойынша Павлодар облысының тағы екі өнеркәсіптік кәсіпорнына “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС және “ПродМастер ПВ” ЖШС сенім сертификатын беру ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №909 бұйрығымен бекітілген “Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларына” сәйкес жұмыс берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі. Жұмыс берушілердің декларациялауға қатысу шарты олардың қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі болып табылады.

Сенім сертификаты жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша “Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ қабылдайтын Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына жұмыс берушілер қызметінің сәйкестігі туралы шешімнің негізінде берілетін болады.

Жұмыс беруші – Сенім сертификатының иегеріне қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

“Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС кәсіподақ ұйымы 2014 жылғы 21 шілдеде құрылды, оның құрамына станция жұмыскерлерінің 80%-дан астамы кіреді.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде станцияда станция қызметкерлері үшін қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер спектрін қамтитын Ұжымдық шарт қабылданды, келісу комиссиясы жұмыс істейді, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуымен өндірістік кеңес құрылды және белсенді жұмыс істейді. 2021 жылғы республикалық байқаудың қорытындысы бойынша “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” атағына “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы Т.Чигвинцеваның төрағалығымен энергетика саласындағы салалық кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында 1-орын алды.