«30 игі іс» қайырымдылық марафоны жалғасуда

Ақтөбе облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған «30 игі іс» қайырымдылық марафоны жалғасуда.

Мейірімділік пен ізгілікті ту еткен бастаманы Ойыл қазақ орта мектебінің кәсіподақ мүшелері, жас педагогтар қолдап, аудан тұрғындарына қол ұшын созды.

Марафон кезінде жалғызбасты ардагерлерге, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, коронавирус індетіне шалдыққан науқастар мен провизорда еңбек ететін медицина мамандарына кәсіподақ белсенділері өз қолдарымен әртүрлі тағам әзірлеп, жақсы көңіл-күй сыйлады.