Бастауыш ұйымда спорттық жарыс ұйымдастырылды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында» орталықтың әкімшілігі мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты спорттық жарыс өткізілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, отбасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру арқылы нығайту мақсатында өткен жарыс тартысты өтті. Сайыстың ашылуына салалық кәсіподақтың өкілдері қатысып, құттықтаулар айтып, сайысқа сәттілік тіледі.