Бастауыш ұйым салалық кәсіподақ төрағасын мерейлі күнімен құттықтады

Бастауыш ұйым «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Толыбай Жүсіповты мерейлі мерекесімен құттықтады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекция ұжымы атынан құттықтау хатты инспекция басшысы Еркебұлан Бекжанов табыстады.

Жүсіпов Толыбай Бәлдірұлы 1959 жылы 27 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Жаңақазалы поселкесінде дүниеге келді. Толыбай Бәлдірұлы еңбек жолын 1982 жылы Қазалы аудандық суландыру жүйесі басқармасында инженер болып бастап, бірқатар салада түрлі лауазымдарда қызмет жасаған, 2020 жылдан бері салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрағасы. Туған күн иесіне арналған құттықтауда бастауыш ұйымның әлеуметтік әріптестік аясындағы ынтымақтастық жұмыстарға табыстар тілеген ықыласы жеткізілген.