«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда

«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» ХЕҰ № 190 Конвенциясының ережесіне сәйкес, жыл сайын 25 қарашадан бастап «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін «Р.Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрағасы –Татьяна  Эргардт) «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлеуметтік акциясы аясында педагогикалық ұжым арасында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге және отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралармен таныстыру болып табылады.

Кездесуге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.