Кәсіподақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырды

Темір ауданында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. Ерекшелігі сол, боз кілемде, әдеттегідей, кәсіби спортшылар емес, спортты серік еткен мұғалімдер белдесті.

«Ұстаз барысы» атты сайысқа аудан мектептерінің палуан ұстаздары қатысып, өзара бақ сынады.

Спорттық бәсеке бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жеңімпаздар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.