Маңызды мәселеге мән берді

Қарағанды облысының Приозерск қаласында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» дүниежүзілік акциясы аясында «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы бойынша оқыту семинары өткізілді.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы жанындағы заң клиникасының Қарағанды филиалының басшысы, «QALYQQA QYZMET» заң консультанттары палатасының заңгер-консультанты Света Шардарбекова арнайы шақырылды.

Құқықтық оқыту мен қарым-қатынас мәдениеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының жолын кесуге және оның профилактикасына, яғни отбасы шеңберіндегі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беруге қабілетті екенін түсінікті. Осыған байланысты, аталған диалог алаңына құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және мектеп психологтары қатысты.

Мүдделі органдарды біріктірген оқыту семинары жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Құқықтық кездесуге қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға бүкіл қоғам үшін өзекті мәселеге назар аударғаны үшін алғыстарын білдіріп, әлеуметтік дамудың маңызды бағыты және жақсы қарым-қатынас пен отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша алған жаңа білімдері туралы өз пікірлерін білдірді.