Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы анықталды

Сарқан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Табысты басшы» жобасы аясында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқау шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында өткізілді.

Байқауға қала және ауыл мектептерінен 15 мектеп директоры қатысты. Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Абай атындағы мектеп-гимназияның директоры Нұрзиля  Есенғұлова, ІІ орынды – №1 мектеп-гимназияның директоры Жекен Бершімбекова, ІІІ орынды – Жетісу орта мектебінің директоры Қайрат Кильчабаев иеленді.

«Мектептің табысты менеджері» номинациясын Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің директоры Жанар  Иманалиева жеңіп алса, «ШЖМ табысты менеджері» номинациясын К.Ушинский атындағы орта мектебінің директоры Берік Оразгелдинов жеңіп алды.

Жеңімпаздарға Білім және ғылым қызметкерлерінің Сарқан аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.