Еңбеккер құқығын қорғау – Заң клиникасының басты міндеті

2021 жылғы 3 желтоқсанда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасының филиалына 87088614656 жедел желі телефоны арқылы екі жастағы бала тәрбиелеп отырған өтініш беруші ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша еңбек шартын бұзудың заңдылығы мәселесі аясында жүгінді.

ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова  ҚР Еңбек кодексінің 54-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейтінін түсіндірді.

Өтініш берушіге еңбек шартын бұзу туралы бұйрыққа жұмыс берушінің актісі тапсырылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде келісу комиссиясына өтініш беру арқылы дау айту керек екендігі түсіндірілді, келісу комиссиясында мәселе реттелмеген немесе келісу комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайда екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде сотқа жүгіну керек.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында кәсіби медиатордың қатысуымен медиация рәсімін өткізуге жұмыскер мен жұмыс берушінің ерікті келісімі кезінде “Медиация туралы” ҚР Заңы шеңберінде Медиация туралы келісімге қол қойылуы мүмкін, оны тараптар сотқа жүгінбей-ақ орындайды.