“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өтуде

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн ” республикалық акциясы өтуде.

“Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы Шардара аудандық филиалының төрайымы Бақтыгүл Құрмантайқызының ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, “Шардара ауданының Құрметті азаматы” Қыстау Інайұлы, аудандық мешіттің найб-имамы, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Асылхан Қасымұлы, Шардара аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гауһар Шырынбайқызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлдығыз Жәлелқызы, №1 М.Әуезов атындағы ЖОМ психологы Лаззат Қалиқызы, Ш. Уәлиханов атындағы ЖОМ психологы Динара Мамбетова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан құрылған “Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторының маманы Тұрлыбек Саққазиев, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, әйелдердің құқықтық білімін арттыру, елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын ұрпақ тәрбиесі және қоғамда орын алып отырған кейбір келеңсіздіктер мен өзге де мәселелер сөз болып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.