Кәсіподақ бастауыш ұйымдар арасында мерекелік шаралар ұйымдастырды

Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аудандағы білім беру мекемелерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, «Балауса», «Бәйтерек», «Ақбөбек» балабақшалары және Сарат жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен «Менің тұңғыш Президентім» атты дөңгелек үстел, «Өмір негізі – денсаулық, денсаулық негізі – спорт» атты эстафета, «Ғасырдың керемет азаматы» тақырыбында көрме өтті. Аталған шараларға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов қатысып, кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтады. Оларға білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен алғыс хаты және сыйлықтар табысталды.