Қолы алтын дәрігер

Жыл сайын 1 желтоқсанда Халықаралық невролог күні атап өтіледі. Қазіргі уақытта неврология – бұл адамның орталық және перифериялық жүйке жүйесінің белгілі бір ауруларының кешенімен айналысатын заманауи медицинаның маңызды бөлімдерінің бірі. Неврология аурудың белгілерін, дамудың негізгі механизмдерін зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар неврологиялық ауруларды диагностикалау, алдын-алу және емдеу әдістері мен тәсілдерін анықтайды.

Күнделікті неврологтар (невропатологтар) бірнеше ондаған мың пациенттерге көмектеседі, сондықтан мамандық өте маңызды, өйткені ол адамның маңызды мүшелеріне әсер етеді, олар қалыпты физикалық жағдайда емдеу мен қолдау кезінде тиісті көзқарасты талап етеді.

Смаилова Нұргүл Капсаттарқызы – дәрігер невропатолог, “Павлодар қаласының № 4 емханасы” ШЖҚ КМК консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің меңгерушісі, “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі.

Нұргүл Қапсаттарқызы 1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын “Педиатрия” мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – “Педиатр дәрігері”. Павлодар қаласының № 2 қалалық ауруханасының балалар неврологиялық бөлімшесінің базасында “Балалар невропатологиясы” мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Интернатурадан өткеннен кейін Павлодар қаласының № 3 қалалық ауруханасының балалар емханасына учаскелік педиатр дәрігер лауазымына қабылданды, содан кейін сол жылдың тамыз айында балалар невропатолог дәрігері лауазымына ауыстырылды. 2001 жылғы қаңтарда Павлодар қаласы № 1 емханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесіне невропатолог дәрігері лауазымына қабылданды. 2006 жылы еңбек жолын “Павлодар қаласының № 3 қалалық емханасы” КҚМК-да балалар невропатологы болып жалғастырды, кейіннен ол “Павлодар қаласының №4 емханасы” КМҚК болып қайта құрылды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді. 2020 жылдың ақпан айынан бастап “Павлодар қаласының № 4 емханасы” ШЖҚ КМК консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің меңгерушісі міндетін атқарады.

Нұргүл Қапсаттарқызы жоғары санатты дәрігер невропатолог, неврология мәселелері бойынша жоғары білімді. Павлодар облысының Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты. Нұргүл Қапсаттарқызы тәжірибелік жұмысында мол тәжірибесі бар маман ретінде жас мамандардың тәлімгері болып табылады, өз әріптестеріне үнемі көмек көрсетеді, өз білімімен бөліседі, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді. Ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу, медициналық қызметтердің сапасын басқару әдістерін әзірлеу, ішкі тәртіп ережелері мен режимін сақтау, жаңа медициналық ақпараттық жүйені енгізу, цифрлық құжат айналымына көшуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға белсенді қатысады. Өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады, жыл сайын біліктілікті арттыру циклдеріне, семинарларға, шеберлік сыныптарына қатысады.

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыс кезеңінде Нұргүл Қапсаттарқызы өзін жауапты, құзыретті маман ретінде көрсетті, кәсібилігі мен адал еңбегі үшін емхананың әріптестері мен пациенттерінің лайықты беделі мен құрметіне ие.

Өзінің еңбек жолында Нұргүл Қапсаттарқызы аурухана әкімшілігінің, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен марапатталды.