Еңбек Адамы марапат төрінде

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесінде марапат төріне шыққан Еңбек адамдары қатарында – Изекеева Айгул Абдразаққызы.

Изекеева Айгүл Абдразаққызы облыс орталығы Қызылордада өткен Қазақстан Ресупбликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты жиында «Шапағат» медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды. Айгул Абдразаққызы – Арал ауданаралық аурухананың ота жасау бөлімшесінің жоғары санатты аға мейірбикесі, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері кәсіподағы мүшесі. Жалпы 36 жыл еңбек өтілі бар мол тәжірибелі, білікті маман жылдар бойы еңбек жолында халық денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп келеді.