Еңбек қауіпсіздігі – өнімді әрі сенімді жұмыс кепілі

2022 жылғы 2 ақпанда «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қоғамдық бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

Шара барысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері, Павлодар облысының кәсіпорындарында 2021 жылы өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін егжей-тегжейлі талдау,  жұмыс берушінің, жұмыскерлердің, еңбекті қорғау қызметтерінің және өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қажетті іс-әрекеттері, экономиканың барлық салалары кәсіпорындарының еңбекті қорғау жөніндегі 100-ден астам техникалық инспекторларының қатысуымен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі талқыланды.

Сарапшы М.Қабжәмитов өз сөзінде: «Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген іс-қимыл жоспары әрекет етеді. Облыс әкімдігі Еңбек басқармасымен, кәсіподақ орталығымен және облыстың Кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша Павлодар облысында 2021-2023 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын бекітті. Кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесін енгізу мақсатында облыстың 107-ден астам кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.

Өңірде 9 кәсіпорын «Халықтық бақылау» жобасын енгізді, бұл еңбек жарақатын алған адамдарға кәсіпорындағы еңбекті қорғауды тікелей бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2019 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен «Нөлдік жарақаттанушылық – Vision Zero» Тұжырымдамасын ілгерілету туралы Меморандум жасасты. Жүргізілген ақпараттық компанияның нәтижесінде облыс кәсіпорындарының көрсетілген «Vizion Zero» бағдарламасына қосылуының оң серпіні бар.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейін тежеуге болады. Мәселен, 2021 жылы облыс кәсіпорындарында 107 жазатайым оқиға орын алды, онда 114 адам (22 әйел) зардап шекті, ауыр нәтижемен – 63 адам, 6 адам көз жұмды, топтық жағдайлар өсті – 7, онда 14 адам зардап шекті.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын ең жиі жол берілетін бұзушылықтар: қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, қызметкерлерді оқыту мен нұсқаулаудың болмауы, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен қамтамасыз етпеу.

Жарақаттанудың негізгі үлесі Павлодар қаласына 53%, Екібастұз 25% және Ақсу қаласына 9% тиесілі. Жазатайым оқиғалардың 52%-дан астамы жұмыс берушілердің 100%-ы кінәсінен және 13%-ы жазатайым оқиғалардан болды, мұнда кінә пайызы 55-тен 95 пайызға дейін.

Талдау көрсеткендей, кейбір кәсіпорындарда екі немесе одан да көп жазатайым оқиғалар орын алады, олар бойынша кәсіпорын басшылары өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында тыңдалады және жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар қабылданады».

«Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметкерлердің өкілі болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, оны кәсіподақ комитеті сайлайды және кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесі бекітеді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылған Павлодар облысының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау жөніндегі қоғамдық қызметпен 840 өндірістік кеңестің құрамына кіретін еңбекті қорғау жөніндегі 1223 техникалық инспектор айналысады.

Өндірістік кеңестің міндеті – өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына тексеру жүргізуді уақтылы ұйымдастыру және анықталған бұзушылықтарға жұмыс беруші мен қызметкерлердің назарын аудару», – деп атап өтті Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.