«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: ҚРКФ басшылығы Павлодарлық энергетиктермен кездесті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында 1 наурызда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Павлодар облысының энергетиктері – «ПавлодарЭнерго» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Іс-шараға «ПавлодарЭнерго» АҚ, «Павлодар электр желілерін тарату компаниясы» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «ПавлодарЭнергоСбыт» ЖШС, «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде еңбек ұжымдарының өкілдері энергетиктердің әлеуметтік пакетін белгілеу, еңбекақыны көтеру, демалысқа сыйақы алуға мүмкіндіктер жасау, энергетиканы дамыту мен тариф саясаты арасындағы теңгерімді табу мақсатында қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы сұрақтар қойды.

«ПавлодарЭнерго» АҚ бас директорының орынбасары – бас инженер Вадим Лесиннің айтуынша, вертикалды негізде біріктірілген  «ПавлодарЭнерго» АҚ электр және жылу энергиясын өндіреді, қызметі қызметтерге тарифтерді бекіту арқылы монополияға қарсы заңның қолданылу аясына кіретін табиғи монополия субъектісі ретінде «ПРЭК» АҚ электр желілері және «ПавлодарЭнергоСбыт» ЖШС жылу желілері арқылы береді.

«Қазіргі уақытта жалақының өсуіне қарамастан, желілік компаниялар өңірлік деңгейде саладағы орташа көрсеткіш деңгейіне әлі де жете алмай отыр, кадрлардың кетуі байқалады, қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша әлеуметтік пакет жоқ, бұл үшін қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет», – деді Вадим Лесин.

Өз кезегінде «ПавлодарЭнерго» энергетика жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев кәсіподақ әлеуметтік әріптестермен бірлесіп энергетиктерді толғандыратын мәселелерді шешу жолдарын жүйелі түрде қарастыратынын атап өтті.

«Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау және ынталандыру мақсатында 2018 жылдан бастап жергілікті кәсіподақ «Профсоюзный» жеңілдік бағдарламасын енгізді: азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, балалар киімі, парфюмерия, кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника, химиялық тазалау, жанар-жағармай құю станциялары салаларында 50 әріптеспен келісімдер жасалды, медициналық қызметтерге, соның ішінде оптика, стоматология, диагностикаға 5-тен 25 пайызға дейінгі жеңілдік көрсетілген», – деді Балтабек Төлеубаев.

Сонымен қатар, «ПавлодарЭнерго» АҚ компаниялар тобындағы барлық бес энергетикалық кәсіпорында 70 еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қауіпсіздік ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жүргізеді.

«Ұжымдық шартқа сәйкес, техникалық инспекторлар бір ай ішінде кемінде төрт рет тексеріс жүргізген кезде еңбекақыға 10 пайыздық қосымша ақы төленеді», – деді жергілікті кәсіподақ төрағасы.

«ПавлодарЭнерго» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Майя Беспаеваның айтуынша, компаниялар тобы жұмыс орындарын аттестациялауды аяқтап, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін жеңілдіктерді, тарифтік мөлшерлемеге үстемеақы, қосымша демалыс күндерін белгілеп, арнайы тағамдармен қамтамасыз етті. Кәсіпорындарда 1С Safety Walk бағдарламалық қамтамасыз ету – құрылымдық бөлімшелерде жұмыс орындарының айналымдарын өткізу кезінде ескертулерді тіркеу және талдау процесінің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Әлеуметтік әріптестер атап өткендей, олар кәсіподақ ұйымымен өндірістік кеңес туралы ережені, техникалық инспекторлар туралы ережені және өндірістік жарақатты азайтудың жол картасын әзірлеуде бірлесіп жұмыс істеді.

Павлодар облысының энергетикалық кәсіпорындарындағы жағдаймен танысқан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев ҚРКФ мен оның мүше ұйымдарының жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша негізгі қызмет бағыттары туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда ең ірі қоғамдық ұйым – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің өзекті бағыттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне жалақының жыл сайынғы индексациясын белгілеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бастамасы, ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдістемесін әзірлеу, ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібін жеңілдету және келісу комиссиясының жоқтығы үшін жұмыс берушінің әкімшілік жауапкершілігін енгізу, еңбек заңнамасы бойынша көзделгеннен қосымша төлемдер, жеңілдіктер мен өтемақылар белгілеумен сапалы өңірлік үшжақты келісімдер қабылдау болып табылады», – деді Мұхтар Тінікеев.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту мәселелеріне тоқталған ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары ҚРКФ Бас кеңесі жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылында кәсіпорындардағы ұжымдық шарттардың сапалы мазмұны мәселелері бірінші орынға шығатынын атап өтті.

«Ұжымдық шарттарда көзделген кепілдіктер нақты болуы керек, бұл әлеуметтік әріптестердің өзара міндеті. Жұмыс берушілер бүкіл кәсіпорынның өнімділігі олардың жұмыс күшімен тепе-теңдік диалогына байланысты екенін түсінуі керек», – деп еске салды Мұхтар Тінікеев.

Оның ойынша, кәсіподақ ұйымдары әрбір кәсіпорында құрылуы керек. «Кәсіподақтар бар жерде еңбек жанжалының туындау қаупі аз», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары: – «Әлеуметтік әріптестік жүйесін тиімдірек дамыту және кәсіпорын жұмысшыларының мүдделерін неғұрлым кәсіби қорғау үшін жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу жұмысын жалғастыру қажет».

Кездесу қорытындысы бойынша модератор, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марина Иванова «ПавлодарЭнерго» АҚ еңбек ұжымына және әлеуметтік әріптестерге облыстың энергетикалық саласы аясында әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша бірлескен іс-шаралары үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, «ПавлодарЭнерго» энергетикалық жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы 2007 жылы құрылған, кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 2300 адамды құрайды.