Еңбек ардагерлеріне арналған Денсаулық күні өткізілді

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы «Замандас-Павлодар» ҚБ-мен бірлесіп Денсаулық мерекесін өткізді.

Іс – шара бағдарламасында «Жасымыз біз үшін маңызды емес» көңілді эстафеталар байқауы; «Ал біздің әжемізде дәмді құймақ» аспаздар баттлы; «Маған жібектей шашақты түсті орамал сыйлады» музыкалық орамалдар шоуы байқауы; қысқы ойындар – шаңғы мен коньки тебу, сырғанау болды.

Сайысты өткізушілер өте белсенді ал, қатысушылар көңілді болды. Мерекелік көтеріңкі көңіл-күй, достық қарым-қатынас іс-шара аяқталғанға дейін жалғасты.

«Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы ардагерлерге арналған іс-шараларды жас ерекшеліктері мен шектеулерін ескере отырып, ұсақ-түйекке дейін ұйымдастыруды ойластырды. Біздің еңбек ардагерлеріміз жылы шырайға лайық, оларға достық қарым – қатынас, өмірлік тәжірибе алмасу, таза ауада сауықтыру қажет», – деп атап өтті комиссия төрайымы Р. Дауымова.