Еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы «Замандас-Павлодар» ҚБ-мен бірлесіп, Денсаулық мерекесін өткізді. Іс-шара бағдарламасында «Жасымыз біз үшін маңызды емес» көңілді эстафеталар байқауы, «Ал біздің әжемізде дәмді құймақ» атты аспаздық баттл, «Маған жібектей шашақты түсті орамал сыйлады» музыкалық орамалдар шоуы байқауы, қысқы ойындар – шаңғы мен коньки тебу, төбеден сырғанау болды.

Өте белсенді және көңілді қатысушылар сайыстарды өткізудің бастамашылары болды. Мерекелік атмосфера, жалынды күлкі, көтеріңкі көңіл-күй, жағымды эмоциялар, достық қарым-қатынас іс-шара аяқталғанға дейін жалғасты.

«Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы ардагерлерге арналған іс-шараларды жас ерекшеліктері мен шектеулерін ескере отырып, ұсақ-түйекке дейін ұйымдастыруды ойластырды. Біздің еңбек ардагерлеріміз жылы шырайға лайық, оларға достық қарым-қатынас, өмірлік тәжірибе алмасу, таза ауада сауықтыру қажет», – деп атап өтті комиссия төрайымы Р.Даумова.