Салауатты өмір салтын насихаттау және педагогтердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы аудан мұғалімдері арасында шаңғы тебуден жарыс өткізді.
Жарысқа 14 білім ордасының 150-ге тарта ұстазы қатысты. Мұғалімдер таза ауада шаңғы теуіп, бір сергіп қалды.
Сайыс қорытындысы бойынша Хромтау қаласындағы №2 гимназиясының шаңғышылар командасы жеңімпаз атанды. ІІ орын №3 орта мектеп командасына берілді, № 5 гимназия шаңғышылары үшінші орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздар аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.
Кәсіподақ тарапынан жүлдегерлерге қаржылай қолдау көрсетілді.
