Павлодарлық кәсіподақтар көңілді іс-шара ұйымдастырды

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы «Eртіс» шаңғы базасында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, «Скандинавская ходьба» клубымен бірлесіп, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернат-үйінде тұратын ардагерлер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға таза ауада мереке ұйымдастырды.

Іс-шара бағдарламасында «Скандинавская ходьба» клубының жетекшісі О.Николашинаның көңілді эстафеталары мен конкурстары, «Хор» және «Би» клубының әндері мен билері, құймақ пісіру бойынша мастер-класс, қол ұстасып шеңбер құра билеу, спорттық іс-шаралар бар.

Спорттық іс-шаралар, сауықтыру, салауатты өмір салтын жандандыру, көмек және қолдау – кәсіподақтың қоғамдық қызметінің қажетті бағыттары.