ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы арулар cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың және қыздарымыздың мерекесі.  Әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы және береке-бірліктің бастауы екені даусыз және олардың қоғамдағы орны да ерекше.  Әрі аналар ұрпақ тәрбиелеу арқылы тұтас ұлтты тәрбиелеп шығарады.

Бүгінде әйелдер барлық салада еліміздің дамуы жолында жемісті қызмет атқарып келеді. 2 миллионға жуық адамды біріктіріп тұрған Кәсіподақтар федерациясындағы түрлі салаларда қыз-келіншектер еңбек етеді.

Көз қуантар сүйкімді арудан бесік тербетер сүйікті анаға айналып, отбасының береке-бірлігін арттыратын асыл әжеге дейінгі салтанатты өмір көшінің керуенін жалғап келе жатқан Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, өмірлеріңізге береке, әр күндеріңізге қуаныш пен мереке тілеймін.

Ізгі тілекпен,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы  Сатыбалды Дәулеталин