Ақтөбеде еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

Ақтөбе облысында заңгерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақтөбе облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымына ҚР Еңбек заңнамасына енгізілген толықтырулар туралы  түсінік берді.

Бұл кездесулер Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылуда. Кездесуге аумақтық бірлестіктің заңгері І.Кенжебайұлы, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Г. Оралбай, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Т.Ескарин және әлеуметтік әріптес – филиал директорының орынбасары Р.Орынбасаров қатысты.

Корпорация филиалының қызметкерлеріне еңбек дауларының алдын-алу, еңбек құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының жекелеген аспектілері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге тренер-медиатор С.Балпеисова мен адвокат Г.Сүндетбаева да қатысып, қатысушылардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Мұндай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында жиірек өткізу жоспарланған.