Ақтөбеде мерекелік кездесу өтті

Салалық кәсіподақ ұйымының қолдауымен Ақтөбе облысы Абай ауданының білім беру ұйымдарының әйелдер қауымымен мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Мерекелік атмосфера фойеден басталды, онда Абай қаласындағы балалар өнер мектебі тәрбиеленушілерінің «Көктемгі тамшы» суреттер көрмесі ұсынылды, «Көктемгі көңіл-күй» атты фотозона безендірілді.


Іс-шара басында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Көрпешова және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Л.Пфайфер құттықтау сөз сөйлеп,  білім басқармасының, аудан әкімінің және білім бөлімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттады.  Кездесуде еңбек ардагерлері құрметті қонақтар болды, аудандық кәсіподақ комитетінің атынан түрлі номинацияларда 50-ден астам әйел естелік сыйлықтармен марапатталды.  Әрқайсысы үшін көктемгі хош иісті гүл шоқтары мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шақырылған әйелдер әріптес ер азаматтардың шығармашылық құттықтауларын қуана қабылдады. Бағдарламаның әрбір нөмірі жылулық пен махаббатқа бөленіп, ерекше қуаныш, ізгілік пен нәзіктік және бақыт сезімін сыйлады.  Мерекелік калейдоскоп шын мәнінде керемет сыйлық болды, қонақтар ду қол шапалақтап, өздеріне ұнайтын нөмірлерді тағы да қайталауды сұрады. Залдағы атмосфера күн сәулесімен, әйелдердің күлімсіреуімен жылыды, сахнада және көрермендер залында көптеген гүлдер шашылды. Жыл сайынғы «Әйелдерге гүл сыйла» кәсіподақ акциясын өткізу кездесудің жарқын көрінісі болды, құттықтау барысында әрбір нәзік  жандылар әріптес  ер  азаматтардың қолынан қызғалдақ гүл шоғын және тәтті тосын сыйын алды.