Кәсіподақ «Мерген ару» сайысын ұйымдастырды

Ақтөбе облысы Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Халықаралық әйелдер күніне орай колледждің нәзік жандылары арасында “Мерген ару” сайысы мен дене тәрбиесі ұжымдық кеңесінің оқытушыларымен бірлесіп эстафета ойынын өткізді.

“Мерген ару” сайысына 21 кәсіподақ мүшесі қатысып, олар өзара командаға бірікті. Нысанаға дөп тигізіп, жоғары ұпай жинаған команда жеңімпаз болып танылды.

Көңілді эстафета ойындары да ұжымның бірлігін арттырып, мереке алдында ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар грамотамен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.