Ақтөбеде келіндер сайысы өтті

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №1 Хромтау орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Жақсы келін – ырысың” атты жас келіндер сайысы өтті.

Шараға білім ордасында еңбек ететін 7 ұстаз қатысып, 6 кезең тапсырмалары бойынша сынға түсті. “Халқын сүйген – салтын сүйер”, “Ана көрген тон пішер” демекші, келіндер әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Қолөнерлері мен бойындағы өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры А.Абдрахманова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Уразбаева барлық ұжымды мерекемен құттықтап, қатысушыларға мақтау қағазы, сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.