Кәсіпкерлерге келтірілген шығынды қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев облыс әкімдігі жанындағы Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кәсіпкерлерге келтірілген шығындарды өндіру бойынша комиссия отырысына қатысты.

Облыстық кәсіподақтар көшбасшысы аталған комиссия құрамында аймақтағы ең үлкен қоғамдық ұйым өкілі ретінде жұмыс жасауда. Комиссия отырысында кәсіпкерлерден келіп түскен келтірілген шығындар бойынша шағым-жүгінулеріне сәйкес талқылаулар жүргізіліп, тиісті қорытындылар берілді.