Атырау облысының спорт және мәдениет мекемелерінің жұмысберушілері ҚР КФ төрағасына қолдау көрсетуді сұрады

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік әріптестер – Атырау облысы спорт және мәдениет мекемелері жетекшілерінің өтініші бойынша кездесу өткізді.

Осындай өтініш жасауға мәдениет және спорт саласындағы жүйелі мәселелер себепші болған.

Атырау облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың айтуынша, мәдениет және спорт қайраткерлері, жұмысберуші мекемелер мемлекеттік органдарға бірнеше рет шағымданған. Соның ішінде бағынысты ведомство нақты мәселелерді шешуді сұраған. Бүгін олар осы мәселе бойынша Кәсіподақтар федерациясының көмегіне жүгінді.

Өзекті мәселелер қатарында осы саладағы қызметкерлердің жалақысының төмен болуы, штат бірлігінің қысқартылуына байланысты кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, баспананың болмауы және басқа да мәселелер аталды.

«Мемлекет жыл сайын мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлердің жалақысын өсіріп жатқанына қарамастан қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бұрынғысынша төмен күйде қалып отыр. Мысалы спорт жарыстарының төрешісіне арналған тариф жылдар бойы өзгерместен күніне 1 236 теңге болып белгіленген күйде қалған. Сонымен қатыр, осы салада кадрлар жетіспеушілігі өте қатты сезіледі. Мемлекеттік қызмет жүйесінде қысқарту саясатының салдарынан біздің басқармада 8 қызметкер ғана қалды, олар күн сайын өңірдегі 28 спорт мекемесінің жұмысына жауап береді», – деді Нұржауған Төлеуова.

Атырау облысындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Рүстем Кисметов әріптесінің сөзіне қосылатынын жеткізді.

«Олимпиада кезінде біз спортшылардан медаль күтеміз. Алайда кәсіби жаттықтырушылардың еңбек ақысын төлеуге қатысты қазіргі ауыр жағдайды ешкім ескере бермейді. Қазір аға бапкердің айлық жалақысы 70 мың теңге. Сондықтан бізде кадрлар тұрақтамайды, білікті мамандар орта мектептерге кетіп қалады, онда жалақы бізден бірнеше есе жоғары. Осылай кете берсе Олимпиада резервін дайындайтын ешкім қалмайды», – деді Рүстем Кисметов.

Ал Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі Сағынай Көпжасаровтың айтуынша, осы саладағы қызметкерлердің айлық жалақысы өскеніне қарамастан, базалық лауазымдық еңбекақы 2016 жылдан бері өзгермей қалған.

«Базалық лауазымдық еңбекақы бұрынғы күйде қалып келеді. Жалақысы өскеніне қарамастан менің әріптестерім қолдарына 58 мың теңге ғана алады. Олардың баспанасы жоқ, пәтерді жалдап тұрады, өмір сүруіне тек әрі кетсе 20 мың теңге ғана қалады. Осы мәселені Үкіметке жеткізулеріңізді сұраймын», – деді Сағынай Көпжасаров.

Осы тұста әлеуметтік әріптестер ҚР Кәсіподақтар федерациясының беделін ескере отырып еңбеккерлердің мәселесін шешу үшін ҚР КФ төрағасына көмек сұрау жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрағасы Гүлнар Шайхашева ҚР КФ Әлеуметтік әріптестік жылы деп жарияланған биылғы жылда Атырау облысы кәсіподақтары ҚР КФ басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әлеуметтік әріптестермен бірлесіп саладағы мәселелерді жүйелі шешуде бірқатар іс-шараны қабылдаған.

Жұмысберушілердің өтінішін тыңдап шыққан ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин ҚР КФ мәдениет және спорт қызметкерлерінің өзекті мәселесін шешуді бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«15 ақпанда біз ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайловқа Салалық келісім талаптарын жеткілікті деңгейде орындалуы керектігі туралы хат жаздық. Біз саладағы қызметкерлерге жеңлдік беру және өтемақы төлеу мәселесі жұмысберушілердің бюджеті аясындағы қаржылық мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты орындалмай жататынын атап өттік. Саладағы техникалық персонал мен біліктілігі төмен қызметкерлерге қатысты жалақы деңгейінің төмендігі, қосымша ақы төлеу, сауықтыруға арналған жәрдемақының болмауы секілді мәселелер шешілмей қалып отыр. Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы сіздердің саладағы қызметкерлердің мәртебесі мен қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынысты енгізді. Біз сонымен қатар мәдениет және спорт ұйымдарындағы оңтайландыру үдерісін тоқтатуды ұсындық», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Ол Атыраудағы кездесудің нәтижесі бойынша кезекті ұсыныстар топтамасы Үкіметке таяу арада жолданатынын айтып сендірді.

«Әлеуметтік әріптестік жылы біз қазақстандық қызметкердің жағдайын және еңбегіне ақы төлеуді жақсарту жөніндегі бірқатар нақты шараларды қабылдаймыз. Бұған бір бірімізге хабарлай отырып, мәселелерді ашық талқылайтын осындай жұмысберушілермен өткізілген кездесулер көмектеседі», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Атырау обылысына жұмыс сапарының соңында Сатыбалды Дәулеталин өңірдегі кәсіподақ активімен кездесті.

Әріптестеріне жүктелген міндеттердің арасында ол әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді жедел шешу үшін жұмысберушілер мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын нығайту қажеттілігіне ерекше тоқталды. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы