Әлеуметтік әріптестік тараптарының арасындағы өңірлік келісімнің талаптарын жетілдіру мәселесі қаралды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде салалық кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Жиналыста әлеуметтік әріптестік тараптарының арасындағы өңірлік келісімнің талаптарын жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар қаралды. Бірлестік төрағасы Мақсұт Нәлібаев 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімнің жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын талаптарын жетілдіру маңыздылығын атап өтіп, кәсіподақ төрағаларын салалар бойынша келісімге толықтыру мен өзгерістер жасауға тиімді ұсынымдар енгізуге шақырды.

Сонымен қатар, жиында еңбек жағдайында орын алған жазатайым жағдайлар талдамасы бойынша тиісті нақты шараларды қабылдау, кәсіподақ ұйымдарында әлеуметтік әріптестермен бірлескен жұмыстар жүргізуді күшейту мәселелері талқыланды.