Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері сараланды

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы басшылығының шақыруы бойынша ҚРКФ Павлодар облысы бойынша Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова “Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері. Еңбек саласында қолдану” оқыту семинары бағдарламасы аясында баяндама жасады. Семинарға еңбек ұжымының барлық қызметкерлері оффлайн форматта қатысты.

Филиалдың кадр жұмысы басқармасының басшысы С.Суюнова келіп түскен өтініштерді қарау қорытындыларымен және келісу комиссиясы сатысындағы даулы мәселелерді түпкілікті шешумен таныстырып, филиалдың келісу комиссиясының жұмысы туралы айтып берді.

Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко азаматтық сот ісін жүргізуде еңбек дауларын қараудың өзекті мәселелері туралы баяндама жасады.

“Аймақаралық Медиация орталығы” ЖМ басшысы, Павлодар облысы заң консультанттары палатасының басқарма төрайымы С.Қайдарова “Медиация жолымен дауларды реттеу туралы” тақырыбында слайд көрсетілімін ұсынды.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының еңбек ұжымын еңбек заңнамасы новеллаларымен және медиациямен таныстыру ақпараттандыруды және құқықтық білімді арттыруға ықпал етеді.