Кәсіподақ мүшелері арасында тартысты жарыс жоспарлануда

Наурыз мейрамы қарсаңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жергілікті кәсіподақ мүшелері арасында бильярд ойынынан турнир өтеді.

«Елордалық бильярд клубтарының бірінде өтетін турнирге әр бастауыш кәсіподақ ұйымынан бір өкілден барлығы 19 адам қатысады. Қалыптасқан дәстүр бойынша теміржол билеттері, қонақ үйде тұру, сыйлықтар мен залды жалға алу шығындарын кәсіподақ өз мойнына алады. Басқа қалалардан келген қатысушыларды күтіп алу, қонақ үйге орналастыру және белгіленген сағатқа дейін бильярд клубына жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз етіледі», – дейді жергілікті кәсіподақ төрағасы Серік Айтхожин.

Серік Айтхожинның айтуынша, алғашқы үш орынға лайықты жүлделер белгіленген. Бірінші орын иегері “Мечта” электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің желісінде 150 мың теңге сомасына сертификат алады. Екінші орын 100 мың теңге сертификатпен, үшінші орын үшін 50 мың теңге сертификатпен бағаланады. Жеңімпаздар сертификатта белгіленген сомаға ұнаған тауарды Қазақстан бойынша орналасқан “Мечта” сауда үйінің филиалдарының кез келгенінен сатып алуға болады