Павлодар: әлеуметтік әріптестік комиссияларының есебі тыңдалды

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары О.Кругтің төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Павлодар облыстық комиссиясы “Богатырь Көмір” ЖШС-де өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелерді және Ақтоғай мен Баянауыл аудандарының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың 2021 жылғы жүргізіп жатқан жұмысы туралы есепті қарады.

Отырысқа Комиссия мүшелері – Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, «Қазпрофметалл» тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облысы бойынша төрағасының орынбасары Р.Даумова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының төрайымы С.Төлегенова қатысты.

Комиссия мүшелері «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директорының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары М.Мұсанаптың өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ақпаратын тыңдады: «2021 жылдың 12 айында жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін – 100%, қызметкердің кінәсінің дәрежесін – 4% анықтай отырып, өндірістегі 5 жазатайым оқиға есепке алынды. Бір жағдайда жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесі – 90%, қызметкердің кінәсінің дәрежесі – 10% құрайды. Барлық әзірленген іс-шаралар орындалды. Зардап шеккен қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 544 жұмыс күнін құрады (ағымдағы жылдың және өткен жылдардың жарақаттары бойынша); зардап шеккен қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық күндері бойынша төлемдер сомасы 6940,0 мың теңге (ағымдағы жылдың және өткен жылдардың жарақаттары бойынша). Есепті кезеңде Еңбекті қорғау бойынша жүргізілген профилактикалық жұмыс шеңберінде серіктестік басшылары, мамандары 9918 тексеру жүргізді, 26856 ескерту анықталды, 26449 жойылды, қалғандары орындау сатысында; еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар 4652 тексеру жүргізді, 7859 бұзушылық анықталды, 7820 жойылды, қалғандары орындау сатысында. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер саны – 471 адам».

Екінші мәселе бойынша комиссия мүшелері 2021 жылы Ақтоғай және Баянауыл аудандарының әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияларының жұмысы туралы ақпаратпен танысты, олар меншік нысанына қарамастан жұмыскер мен жұмыс беруші арасында еңбек шарттарының міндетті түрде жасалуына, еңбек шарттарының «Электрондық еңбек биржасы» порталында тіркелуіне бақылау жүргізеді.

Отырыстың күн тәртібіндегі тыңдалған мәселелерді қарау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешім қабылдады.