Ақтөбеде әйелдер істері жөніндегі комиссия семинар-тренинг өткізді

Ақтөбеде кәсіподақ жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссия семинар-тренинг өткізді. Семинар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының базасында өтіп, филиалдың доценті Құндыз Қуанжанова дәріс жүргізді.

Тренингте арнайы жасақталған кабинет, тыныш атмосфера, көзге жағымды бояулар, бейресми формат, осының барлығы қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, күнделікті қарбаластан бой жазуға көмектесті. Бұған дәлел қатысушылардың семинар соңында білдірген пікірлері болды.

Бұл семинар Академия филиалымен жаңадан ашылған “Сәуле” студиясының қабырғасындағы алғашқы шара болды. Комиссия жетекшісі әрі «Қызмет» Салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының жетекшісі Мұхтарита Сағындықова әлеуметтік әріптес ретінде Академия филиалының жаңа бастамаларына қолдау танытты.