Жақсы бастама жасалды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит Мерәліұлы атындағы мектепте «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты апталық аясында «Аналар – асыл жандар» атты шара өтті.
Бағдарламада 5 айдар бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

1-айдар – «Көненің көзі». Бұл айдар бойынша, аудандағы шебер қолды әжелердің бірі – Жаңыл әже өз қолынан шыққан ұлттық нақышта тігілген көрпешелер, құрақ көрпелер, қазақ киімдерін, ою оюдан шеберлік сағатын көрсетті. 2-айдар – «Сұлулық айнасы». Бұл айдар бойынша Сәндігүл Ғадылқызы сұлу да сымбатты көрінудің жолдары туралы өз ұстанымымен бөлісіп өтті. 3-айдар – «Ұлттық тағамдар». Бұл айдар бойынша қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктері және жасалу жолдары туралы Гүлжазира Зинуллақызы өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық тағамдардың пайдасы туралы пікір айтты. 4-айдар – «Сүйікті іс – жан рахаты». Бұл айдар бойынша бос уақытта айналысатын жұмысы мен ұстанған мақсаты туралы ойымен Гүлмира Маратқызы өз туындыларын таныстырды.


5-айдар – «Ұлттық өнер» айдары бойынша ұлттық өнер тәрбие негізі деген ұстаныммен келген кеш қонағы Карина Валерийқызы қазақтың ұлттық аспабының бірі қобызбен келіп, Шәмші әндерін орындады.

Бағдарлама соңында мектеп директоры Гүлнұр Хайржанқызы келген аналарға алғысын білдіріп, тәтті сый тарту етілді. Шараға келген аналар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суреттерге түсті.
Аталған кездесудің мақсаты – ұлттық өнеге мен тәлім-тәбиеге толы дәстүрлерді дәріптей отырып, өскелең ұрпаққа танымдық маңызы бар іс-шара өткізу.