Кәсіподақ жетекшісі өңірді дамытуға бағытталған жобаларға қатысты ұсыныстарын жеткізді

Ақтөбе облыстық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы барысында өңір экономикасы үшін маңызды жобалар талқыланды. Солардың ішінде Жұмыспен қамту жол картасы аясындағы жобаларға бөлінетін қаражат жайы талқыланды.

Нақты айтсақ, Ақтөбенің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, Шилісайға 600 орындық және Шалқар ауданының Қарашоқат станциясында 120 орындық мектеп құрылысын аяқтауға қаржы бөлу ұсынылды. Сондай-ақ, ауылішілік жолдарды жөндеу, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын салу, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру т.б. мәселелер жан-жақты қаралды.

«Ең бастысы – ауыл тұрғындарына қолдау жасау керекпіз», – деп атап өтті жиынға қатысқан кәсіподақ жетекшісі.