Қызылордалық «SENIM» кәсіподағы кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдауды күшейтті

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерінің шипажайларда демалу жолдамаларына отыз пайыздық жеңілдік жасайды.

Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау бағыты бойынша қол жеткізілген жетістік туралы филиал төрағасы Асылхан Абылайханұлы бастауыш ұйым төрағалары қатысуымен өткен 2021 жылды қорытындылау есептік жиынында айтты.

«Қазірге дейін кәсіподақ мүшелерінің демалысына жиырма пайыздық жеңілдік жасау мүмкіндігі болған, демалыс орындарымен тікелей тығыз байланысты жетілдіру нәтижесімен бұл жеңілдікті отыз пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік алдық», – деді филиал төрағасы.

Өткен жылда атқарылған жұмыстар есебін тізбеленген жиналыс барысында филиалдың қаржылық және құқықтық есептері тыңдалып, 2022 жылға қабылданған жылдық жоспар кең ауқымда талқыланды.

Айта кету керек, 2018 жылы құрылған «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы өз қатарын бастауыш ұйымдарымен жылда толықтырып, қазіргі күні 43 бастауыш ұйымда жиырма мыңға жуық кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіреді.