Кәсіподақ мүшелері Президенттің Жолдауын тыңдады

2022 жылғы 16 наурызда Павлодар облысының салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының төрағалары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Саяси реформалардың Президенттік бағдарламасымен сөз сөйледі.

Кәсіподақ бірлестіктерінің төрағалары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын әрбір еңбек ұжымына жеткізеді және түсіндіреді.

Павлодар облысы бойынша «Қазпрофметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова, «Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма, «Татуласу орталығының» басшысы М.Иванова «ЕRTIS» облыстық телеарнасы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікірлерін білдірді.

«Жаңа Қазақстанды құру бағыты алынды. Тұтастық, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастық – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің қажетті құрамдас бөлігі. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз», – деп атап өтті спикерлер.