Кәсіподақ өкілдері ардагерлерді құттықтады

14 наурыз – Көрісу мерекесінде Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айжарықов және білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Ибраев ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап барды. Олар 91 жастағы ардақты ана, білім саласында қажырлы еңбек атқарған С.Альжанова және ардагер ұстаздар Ұ.Айжарыкова, С.Накешова, Б.Назарова, К.Бисенгалиеваның үйлеріне көрісуге барып, сый-сияпаттарын тарту етті. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің директорлары ардагер ұстаздарын мерекемен құттықтады.


Бұл күні ата-бабаларымыз көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін құттықтаған күн. Сол себепті шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде ардагер ұстаздардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, баталарын алды.