Кәсіподақ өкілдері Жолдауға пікір білдірді

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев: “Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы ерекше болды. Жолдауда тұрғындардың көкейінде жүрген алуан түрлі сауалдарға жауап берді деп ойлаймын.

Менің көңілімнен шыққаны – Ұлттық құрылтайдың құрылатындығы, адам құқықтарының қорғалуы. Қазірдің өзінде ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асуда. Ақтөбе облысындағы 132 мыңнан астам кәсіподақ мүшесінің құқығы мен мүддесін қолдайтын аумақтық бірлестік алдында да жаңа міндеттер тұр. Біз қарапайым жұмысшылардың еңбек құқығы мен мүддесін қорғау жолында әлеуметтік әріптестермен ашық диалог орнатуға, еңбеккерлердің көкейіндегі мәселелерді оң шешуге ықпал етеміз.

Президент осы жолғы Жолдауында бұрыннан халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерге назар аударды. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту”.