Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалымен бірлесіп, қалалық, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары үшін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі» тақырыбында семинар өткізді.

Дәрісті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Гүлбағила Болатбекова жүргізді.

Сабақтар нәтижесінде алынған білім еңбек ұжымдарында әлеуметтік төлемдер туралы қолданыстағы заңнаманы ақпараттық-құқықтық түсіндіру үшін базалық платформа болып табылады.