Кәсіподақ мүшелері Президент Жолдауына пікір білдірді

Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары Б.Атауов “Aqjaiyq” телеарнасындағы “Ел алдында” бағдарламасында тікелей эфирде қонақта болды.

16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында аталған өзекті мәселелер мен өзгерістердің әсері мен салдарын айқындап, бағдарлама қатысушылары өз көзқарастарын білдірді.

Бауыржан Аяпбергенұлы Президенттің қойған мақсат-міндеттері мен атаған әр бағытқа дамушы күш беретін серпілісті сезе отырып, қарқынды жұмыс жасауға күш салу керек екенін атап өтті.