Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы бастауыш ұйымдарда өтуде

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қызылордалық “Сенім” кәсіподағының бастауыш ұйымдарында өтуде.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Жастар денсаулық орталығы ұжымы Наурыз мерекесін ұлттық нақышта атап өтіп, кең дастарханда Наурыз көжесін таратты.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы «Қазақ республикалық лепрозорийі» ұжымында да аталып өтті. Қазақтың киіз үйі шаңырағы астында ұжымдастар Наурыз мерекесіне орай тілектер арнап, ән-жырдан шашу шашты.